Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер ережесіз жекпе-жектегі бірінші кездесуі үшін 300 миллион доллар сыйақы алуы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Бұған дейін Мейвезер бокстан біржолата кеткенін айтқан болатын. Содан соң ол спортқа тек ережесіз жекпе-жек үшін келетінін хабарлады. The Daily Mail мәліметі бойынша, егер Мейвезер ММА спортында өнер көрсететін болса, 300 миллион доллар көлемінде сыйақы алады екен.

Бірақ басылым Мейвезердің ережесіз жекпе-жекте қашан және оның қарсыласы кім болатынын айтқан жоқ. Еске салайық, бұған дейін Мейвезердің ирландиялық Конор МакГрегормен октоганда кездесуі мүмкін деген сыбыс шыққан еді. 2017 жылдың тамыз айында бұл спортшылар бокс ережесі бойынша кездесіп, Мейвезер жеңіске жеткен болатын.