Бүгін түнде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчтар өтеді.

«Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдамақ. Кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады. Бұл ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Ливерпульде өткен алғашқы ойында «мерсисайдтықтар» қонақтарды 3:0 есебімен жеңген болатын.