Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі айда Сауль Альвареспен емес, басқа боксшымен жұдырықтасатыны үшін алаңдамайды.

«Канелоның жекпе-жектен бас тартқаны менің мәселем емес. Мен жұдырықтасуға дайынмын, себебі кәсіби адамын. Маған 5 мамырда жекпе-жек өткізу мәселе емес. Кіммен болса да шығуға дайынмын», - деді ол ESPN Deportes-ке.