Бокстан әлем чемпионатында Әділбек Ниязымбетов 84 келіде күміс медальға ие болды.

Финалда қазақ боксшымыз кубалық Хулио Перестан ұтылды. Тартысты өрбіген кездесуде, екі төреші жеңісті кубалық боксшыға бұйырса, бір төреші жеңісті біздің боксшыға берді. Есеп – 2:1.