Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей құрамасының ұтылды.Ойын бүгін, 9-сәуір күні Астана қаласында өтіп, 0:3 есебімен аяқталды. Үш голды да біздің құрама екінші таймда жіберіп алды. Осылайша қазіргі уақытта 1 топта Уэльс құрамасы 11 ұпаймен бірінші орында келеді. Бір ойыны кем, бірақ 11 ұпайы бар Англия құрамасы екінші тұр. Одан кейін Ресей (төрт ұпай), Босния және Герцоговина (3) жайғасса, көш соңында Қазақстан құрамасы орналасқан.