Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының директоры Жанайдар Дүйсембаев команданың «Астана» клубынан ойсырай жеңілуі себебінен қызметінен босатылды.

Сенбі күні «Ертіс» өз алаңында ел чемпионында 1:6 есебімен жеңілген болатын. Матч аяқталған соң облыс басшылығының шешімімен клуб жаттықтырушысы отставкаға кетті. Сонымен бірге клуб президенті қызметін қоса атқарып келген және өңірдегі спорт саласына жауапты облыс әкімінің орынбасары Расул Оразғұлов та қызметінен босатылды.

Жанайдар Дүйсембаевтің орнына кім келетіні бүгін кешке белгілі болады.