Бокстан әлем біріншілігінде Жәнібек Әлімханұлы 75 келіге дейін салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.20 жасар жұлдызымыз бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға құлатып үлгерді. Тартысты өрбіген жекпе-жекте қандасымыз әдемі жеңіске қол жеткізді. Бұл әлем чемпионатындағы қазақ жігіттеріміздің төртінші алтыны.