UFC тұжырымының чемпионы атанған Хабиб Нурмагомедовтың (26-0) UFC 223 турнирінен қанша қаражат тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Mmaboxing.ru сайты.

Дағыстандық аралас жекпе-жек майталманы Хабиб Нурмагомедов (26-0) UFC 223 турнирінде сынға түсіп, чемпионы атанған болатын. Америкалық Эл Яквинтамен жұдырықтасқан Нурмагомедов бұл жекпе-жектен 530000 доллар тапты. Ал оның қарсыласы Эл Яквинта 280000 доллар көлемінде сыйақы алған.