Veranda's Willems-Crelan-Charles командасының бельгиялық шабандозы Михел Голартс Францияның Лилль қаласындағы ауруханада жан тапсырды.

Велошабандоз «Париж – Рубэ» бір күндік жарысында қара жерге құлап, есінен танып қалған. Дереу түрде келіп жеткен дәрігерлер оның жүрегі мен тыныс алу жүйесінің тоқтап қалғанын айтқан. Шабандоз тікұшақпен ауруханаға жеткізілгенімен оны құтқарып қалу мүмкін болмады.