«Милан» клубы бапкер Дженнаро Гаттузомен келісімді созды. Жаңа келісім бойынша қырық жасар маман командада 2021 жылдың жазына дейін қалады.

«Маған берілген бұл мүмкіндік үшін алғыс айтамын. «Милан» сияқты клубта жұмыс жасау маған ләззат сыйлайды. Сенім артқан барлық адамдарға алғыс білдіремін. Жақын арада «Милан» клубын жоғарғы орынға шығаратынымызға сенемін», — деді Гаттузо.