Бүгін Алматыда әлем чемпионатының ақтық кездесулері өтеді. Қазақстаннан финалға алты боксшымыз шығады.

Біржан Жақыпов (49 келі) шаршы алаңға алжирлік Мохаме Флиссимен шығады. Мерей Ақшалов (64 келі) «алтын» жүлде үшін кубалық боксшы Ясниер Лопеспен кездеседі. Данияр Елеусінов (69 келі) те осы аралдың басқа өкілі Ариснойдис Диспейнмен сынға түседі. Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) ирландиялық Джейнсон Куиглимен, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) финалда бірінші орын үшін кубалық боксшы Хулио ла Круспен кездеседі. Ал ауыр салмақтағы Иван Дычконы (91 келі) әзірбайжандық Магомедрасулұлы Меджидовпен кездесу күтіп тұр.

Ақтық сын 14:00-де басталады.