«Қайрат» футзал клубы Алматыдағы Nike дүкенінде алдағы маусымда өнер көрсететін жаңа жейденің көрсетілімін өткізді.  

Команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов, қақпашы Игита, шабуылшы Бетао және Данило Барон «Қайраттың» жаңа формасын киіп көрді.

«Nikе әлемдегі спорт киімдерін жасау саласындағы басты компаниялардың бірі. Бұл форма жаңа технологиялармен жасалған киім. Dri-Fit системасының арқасында мата теріне бірден сіңіріп, ауамен сыртқа шығарады», - дейді Nike Football дүкен менеджері Төлеген Қалиев.