Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Оклендте өтіп жатқан Әлемдік лигасының Интерқұрлықтық кубогында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Отандастарымыз топтық кезеңдегі кезекті кездесуін Жаңа Зеландияның екінші командасына қарсы өткізіп, 15:7 есебімен жеңіске жетті.Қазақстан құрамасы осының алдында канадалықтар мен аргентиналықтарды жеңіп, Австралиядан жеңілген болатын.Осы жеңісінен кейін қазақстандықтар өз тобында сегіз ұпаймен Австралиядан кейінгі екінші орынға жайғасты.