Отандастырымыз Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов неміс қарсыласы Аражик Марутяннан 3:0 есебімен басым түссе, 81 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген Әділбек Ниязымбетов өзбекстандық боксшы Ойбек Мамазулуновты тізе бүктірді. Есеп - 3:0.

Бұған дейін ақтық сынға қазақстандықтар Біржан Жақыпов (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) жолдама алса, Қайрат Ералиев (56 кг) пен Берік Әбдірахманов (60 кг) қола жүлдегер атанған болатын.