Қазақстандық Берік Әбдірахманов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама үшін жекпе-жекте кубалық боксшы Ласаро Эстрадоға қарсы шықты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілер 2:1 есебімен кубалыққа басымдық берді.

Бұған дейін Біржан Жақыпов (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) финалға өткен болса, Қайрат Ералиев (56 кг) қола жүлдені қанағат тұтқан.