Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) наурыз айындағы Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды ҚКФЛ-ның ресми сайты.
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлері арасында жүрді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
«Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 20 ұпай (бірінші орын үшін 15 ұпай, екінші орын үшін 4 ұпай, үшінші орын үшін 1 ұпай) жинап, Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды.
Айдың үздік бапкері болып «Астананың» жаттықтырушысы Григорий Бабаян атанды. Бұл бапкерге сауалнамаға қатысқан 12 әріптестің 8 дауыс берді.