Нью-Йорк полициясы Бруклинде UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған ирандиялық файтер Конор МакГрегорге екі айып тақты, - деп хабарлайды "Р-Спорт" сайты TMZ порталына сілтеме жасап.Бір айып автобуста отырған америкалық файтер Майк Кьезаның жарақат алуы мен МакГрегордың аты аталмаған адамды ұруына қатысты болып отыр. Тағы бірі келтірілген шығынға байланысты. Келген шығын 8 мың доллар."Чемпионат.com" сайтының ақпараты бойынша, МакГрегор сот алдында бүгін жауап береді.