UFC ұйымы биылғы жылдың соңында Ресей елінде турнир өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақында Ресей елінде үлкен турнир болады. Бәлкім, осы жылдың аяғына таман өтетін шығар, – деді UFC президенті Дэйна Уайт Нурмагомедов-Холлоуэй арасындағы жекпе-жектің баспасөз мәслихатында .

Айта кетейік, UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты Хабиб Нурмагомедов пен Макс Холлоуэй сарапқа салады.