Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингісінде 119 орынға табан тіреді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы жаңартылған тізімде 17 сатыға көтеріліп, 119 орынға жайғасқан. Көш басында Германия құрамасы болса, Бразилия екінші орынға тұрақтаған. Үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында екі жолдастық ойын өткізді. Венгрия құрамасына қарсы матчта 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Болгарияға 2:1 есебімен есе жіберді.