Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойыннан соң-ақ жартылай финалға кімдердің жолдама алатыны белгілі болғандай.

Бүгін кезек Еуропа лигасында ойнап жатқан командаларға келіп жетті.

Сегіз мықты жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Командалар алғашқы ойында бар мәселені шешіп тастауға тырысатыны анық.

Жалпы Еуропа лигасында қай клуб топ жаруы мүмкін дегенде «Арсенал» мен «Атлетико» командаларының аты жиі аталуда.

Лондондықтар бүгін ЦСКА командасын қабылдайды.