Жоғары хоккей лигасының кезекті ойындары аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Титан» (Ресей, Клин) командасына жол беріп қойды.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңнің алғашқы минуттарында қарсыластар «Сарыарқаның» қақпашысын қапы қалдырып, алға шықты. Есеп - 1:0. Дегенмен, матчтың аяқталуына төрт минуттай қалғанда, Қарағанды қаласының хоккей клубы таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын овертаймға ауысты. Алайда онда да жеңімпаз анықталмады. Буллит сериясында қарсыластардың жолы болды. Қорытынды есеп 2:1 (Б).

Бұл ойында «Сарыарқа» ұтылса да, овертаймға жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде барлығы 21 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде 16-шы орнын сақтап қалды.