Бүгін Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді.

Онда күндізгі сессияда Біржан Жақыпов (49 кг) кубалық Иосбани Вейтиа Сотомен, Қайрат Ералиев (56 кг) әзірбайжандық Жавид Шалабиевпен, Мерей Ақшалов (64 кг) бразилиялық Евестон Лопеспен, Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) Антони Поулермені (Англия)  күш сынасады.

Кешке Берік Әбдірахманов (60 кг) кубалық Лазаро Естрадамен, Данияр Елеусінов (69 кг) германиялық Аражик Марутжанмен, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) өзбекстандық Ойбек Мамазулуновпен, Иван Дычко (+91 кг) германиялық Ерик Пфеифермен ақтық сынның жолдамасына таласпақ.