Америкалық журналист Давид Авила 5 мамырға жоспарланған кездесу өтпейтіндіктен Трипл Джи қанша ақша жоғалтатынын айтып берді.

Оның сөзінше, Головкин 20 млн доллардан қағылады. "Жекпе-жектің болмауы екі боксшыға да өз зиянын тигізеді. Альварестің беделіне нұқсан келді. Ал Головкин қомақты сомадан айрылады", - деді сарапшы.