Қытайдың Сямынь қаласында бүгін жағажай волейболынан «Гранд Слам» Әлемдік турының кезеңдік ақтық жарысының 1/16 финалы басталды.

Топтық сында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко австриялықтарды 2:1 есебімен ұтып, нидерландылықтарға 1:2, латвиялықтарға 0:2 есебімен жеңіліп, үшінші орын алған болатын. Соның нәтижесінде үздік 16 спортшының қатарына енді. Олардың жеңісті жолын енді Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жалғастыруы мүмкін. Австралиялықтарды 1:2 есебімен ұтып, бразилиялықтарға 0:2 боп ұтылған олар енді топтық сындағы ақтық ойынын неміс қыздарымен өткізуде.

Бұған дейін Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов бірінші, Владислав Пустынников пен Сергей Богату, Бақытгүл Самаликова мен Александра Варасова дәрежелік екінші раундта ұтылып, жарыс жолынан ерте шығып қалған болатын. Соның нәтижесінде олар 33-орын мен 160 рейтингтік ұпайды қанағат тұтты.