Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Титан» (Ресей, Клин) командасымен кездеседі.

Айта кетейік, бүгінде «Титанның» еншісінде 24 ұпай бар. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде команда 11-орында орналасты. Ал «Сарыарқа» 20 ұпаймен 16-орында келеді. Қарағанды қаласының хоккей клубы соңғы үш матчта қатарынан жеңіске жетіп, «Нефтяник», «Лада» және «ВМФ Карелияны» тізе бүктірген болатын.