Мексикалық боксшы Сауль Альварес допинг дауына байланысты Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуден бас тартқан болатын.

Канело қазақстандық боксшының допинг туралы айтқан сындарына жауап берді.

«Шынымды айтсам, Головкин мен командасының сөзі мені мазаламайды. Олар бұл саланың дәрігерлері немесе сарапшылары емес. Ол менімен жұдырықтаспаудың амалын іздегенге ұқсап қалды. Шынымды айтсам, GGG қорыққандай көрінді. Тағы айтайын, менің қалайтыным – Головкинмен жекпе-жек. Бізге мүмкіндік берсе, мен бірден рингке шығамын», - деді Альварес.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Канело арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған. Алайда ақпан айында Альварестің қанынан допинг табылып, соның салдарынан мексикалық боксшы жекпе-жектен бас тартты.