Су добынан Қазақстан құрамасы Әлемдік лига аясында Интерқұрлықтық кубоктағы екінші кездесуін өткізді.

Бұл жолы жерлестеріміз пенальти сериясында Аргентина командасынан басым түсті – 12:9. Ойынның негізгі уақыты 8:8 есебімен тең аяқталған болатын.