WBA тұжырымы бойынша абсолютті чемпион, ал IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличкомен жекпе-жекке шығу үшін Александр Поветкинге үш рет жеңіске жету керек.

Бұл туралы Ресей спортшысы ИТАР-ТАСС-қа берген сұхбатында айтты.

«Кличконың қарымта кездесуге қызығушылығын арттыру үшін маған міндетті түрде үміткер болу керек, - деді Поветкин. - Меніңше, ол үшін үш жеңіс жетеді. Кіммен кездесуге шыққым келетінін әлі ойластырған жоқпын».

Еске сала кетсек, қазанның бесінен алтысына қараған түні Мәскеуде Поветкин төрешілердің шешімімен Кличкодан ұтылған еді. Осы кездесуден кейін Ресей боксшысы ВБА рейтингінде 4-орынға сырғыды.