Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектің өтпей қалуына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- «Канелоға» қарсы жекпе-жек GGG-дің басты мақсаты болып қала бермек. Бұл бокс тарихындағы айтылу кездесу. Екеуі де рематчтың болғанын қалап отыр, бірақ, өкінішке қарай, «Канело» допинг сынақтан өте алмай қалды. Комиссияның жауабын күтейік. Альварестің промоутерлері оның тамыз немесе қыркүйек айында шаршы алаңға шығатынына үміттеніп отыр. 15-ші қыркүйек күні Мексиканың Тәуелсіздік мейрамын тойлайды. Осы күні жекпе-жек өтіп қалуы мүмкін, — деді Том Леффлер TMZ Sports берген сұқбатында.

Айта кетейік, Невада штатының Атлет комиссиясы «Канело» ісіне қатысты әлі шешім шығармағанына қарамастан, оның командасы 5 мамырдағы жекпе-жектен бас тартты.