Өскеменде шайбалы хоккейден 2002 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының төртінші туры өтуде. Төртінші турдың үздігі атануға айдын иелерінен бөлек, бес ұжым жарыс жолына шықты.

Атап айтсақ, Алматы қаласынан келген «Алматы», елордалық «Астана», Көкшетау қаласының «Арлан» және Петропавл қаласының «Құлагер» және Павлодар облысының командасы сайысқа түсуде. Бұл сында Шығыс Қазақстан облысының намысын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО хоккейден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-нің «Торпедо» командасы қорғауда. Өскемендік бұл ұжым чемпионат аясында өткен бұған дейін ойындар бойынша көш басында тұр.Өңір намысын қорғап жатқан жас хоккейшілер ұпай саны бойынша қарсыластарынан едәуір ұзап кетті.