Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркельдің құны австриялық «Адмира Ваккер» командасына ауысқаннан соң 100 мың евроға қымбаттаған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Немістің «Бохум» командасында жақсы ойнауға бірнеше мәрте алған жарақаты кедергі келтірді. Ұзақ уақыт жасыл алаңнан қол үзіп қалған қазақстандық футболшы неміс командасының қосалқы құрамында отыра бермей, австриялық «Адмира Ваккерке» ауысып кеткен еді.

26 жастағы футболшының қазіргі командасы Австрия біріншілігінде 43 ұпаймен бесінші орында келеді.

Айта кетейік, Меркель 2015 жылдың қыркүйегінде Исландиямен болған кездесудің үзілісінен кейін Қазақстан құрамасыда өнер көрсетті. Бұл ойын теңдей аяқталды. Меркель осыдан соң менеджерлерінің футбол федерациясының бұрынғы басшылығымен келісе алмауына байланысты қайта шақырылмаған еді.