«Астана» Премьер-Лиганың үшінші тур аясында қызылордылық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Осы ойында Марин Томасов екі нәтижелі пас берген еді. Хорватиялық ойыншы осы турда жекелей көрсеткіштер бойынша үздік атанды.

Ал Instat Index бойынша екінші және үшінші орында да астаналық ойыншылар Евгений Постников пен Дмитрий Шомко тұр.

Еске сала кетейік, алдағы сенбі күні Григорий Бабаян шәкірттері сырт алаңда павлодарлық «Ертіске» қарсы ойнайды.