Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өз клиентінің 5 мамырда нақты кіммен жұдырықтасатынын әлі шешпеген.

Бірақ GGG жанкүйерлер күткен Билли Джо Сондерс немесе Дэниэл Джейкобспен кездеспейді.

«Леффлер Головкинге қарсы шығуы мүмкін боксшының есімін айтқысы келмеді. Бірақ Джейкобс және Сондерспен жұдырықтаспайтынын айтты», - деп жазды Las Vegas Review-Journal журналисі Хильберто Мансано.

Айта кетейік, Деметриус Андраде (25-0, 16 КО), Гэри О’Салливан (27-2, 19 КО), Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО), кіші Хулио Сесар Чавес(50-3-1, 32 КО), Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО) және Ямагучи Фалькао (15-0, 7 КО) сынды боксшылар 5 мамырда Головкинмен шығуға дайын екенін жеткізді.