«Барыстың» форварды Найджел Доус ҚХЛ-да жалақысы көп үздік 15 хоккейші қатарына енеді. Бұл туралы ресейлік Sports.ru жазды.

Доустың елордалық клубтағы жылдық жалақысы 1,8 миллион доллар екен. Мұндай жалақымен ол рейтингіде 14-ші орында тұр.

Ал ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын СКА-ның қос хоккейшісі болып шықты. Илья Ковальчук пен Павел Доцюк жылына 4,4 миллион доллар жалақыдан алады.

Айта кетейік, рейтингіге енген жалақысы көп ТОП-50 хоккейші ішінде питерлік СКА-ның 16 және мәскеулік ЦСКА-ның 13 ойыншысы бар.

Найджел Доус осы маусымда тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша 46 матчта «гол+пас» көрсеткішінде 55 (35+20) ұпай жинады.