«Уфаның» қазақстандық футболшысы Еркебұлан Сейдхамет ресейлік «Тотальный футбол» бағдарламасына берген сұқбатында өзінің мансабы туралы айтты.

«Менде Қазақстаннан, Италия және Испаниядан ұсыныстар болды. Бірақ мен «Уфаны» таңдадым, себебі мұнда жастарға көмектеседі», - дейді Еркебұлан.

Есімінің ұзақ болуына байланысты Ресейде оны көбі «Еркош» деп атайды екен. Ал «Уфадағы» әріптестері оған «Лео» деп ат қойған.

«Бәрі мені «қазақ Мессиі» деп атайды. Әрине, мұны журналистер ойлап тапты. Мессиге жетуге әлі көп бар, жұмыс істеуім керек», - деді Сейдахмет.

Айта кетейік, жыл басында Еркебұлан Сейдахмет ресейлік «Уфа» клубымен келісімшартқа отырған. РФПЛ-да бір матч өткізіп үлгерді. Ал наурызда ол Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, дебютті кездесуінде-ақ гол соққан болатын.