Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимовичке Ресейдегі әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынуы мүмкін.

Aftonbladet ақпаратына сүйенсек, Ибрагимович букмекерлік кеңсемен келісімшартқа отырған. ФИФА ережесіне сай, әлем чемпионатына қатысатын футболшылар спортта бәс тігуге қатысы болмауы қажет.

Естеріңізге салсақ, Ресейдегі әлемдік дода 2018 жылы 14 маусым мен 15 шілде арасында өтеді. Швеция құрамасы Оңтүстік Корея, Германия және Мексикамен бір топта ойнайды.