Су добынан Қазақстан құрамасы (ерлер мен әйелдер) Оклендте өтіп жатқан Әлемдік лигасының Интерқұрлықтық кубогын жеңіспен бастады, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Ерлер құрамасы турнирдің тұсаукесер матчында Канада командасынан 10:9 есебімен басым түсті. Енді ертең отандастарымыз Аргентина құрамасымен күш сынасады.

Әйелдер құрамасы болса Жаңа Зеландияның екінші командасын 19:5 есебімен тас-талқан етті. Ертең жерлестеріміз Аустралия ұжымымен кездеседі.