«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер қызылордалық «Қайсарға» (2:0) қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.

Жанкүйерлер тарапынан ең көп қолдау тапқан Марин Томасов үздік атанды. Хорватиялық жартылай қорғаушыға жанкүйерлердің 36,1%-ы дауыс берген. Айта кетейік, Марин аталмыш кездесуде екі нәтижелі пас берген еді.

Екінші орында кездесуде соғалған алғашқы голдың авторы Патрик Твумаси. Ганалық ойыншы екінші ойын қатарынан гол соғып, және де «Қайсарға» қарсы кездесулердегі нәтижелілігін арттырды.

Үшінші орында Роман Муртазаев. Қазақстан құрамасының шабуылшысы өзінде болған мүмкіндікті сәтті пайдаланып, елордалық команданың екінші голын соққан болатын.

Дауыс беру бойынша үздік бестік:

1.Марин Томасов 36,1%

2.Патрик Твумаси 30,6%

3.Роман Муртазаев 10,4%

4. Ненад Эрич 10,1%

5.Дмитрий Шомко 4,3%

Сауалнамаға 3 036 адам қатысты.