Алматыда өткен Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Тайсрн Нэм айқасты. Бес раундқа созылған айқаста жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазақстан халқына қуаныш сыйлаған ақтөбелік жауынгер жарыстан соң өз ойымен бөлісті.

- Кездесу өте қиын болды. Тайсон өты мықты файтер екенін барлығы біледі. Жекпе-жек алдында мен фаворит болмағаным оған дәлел. Десе де бапкерлеріммен бұл айқасқа тыңғылықты дайындалдым. Оның әлсіз тұстарын зерттедік. Бес раунд төбелесу оңай емес. Бұл жолы функционалдық дайындығым да дұрыс болды. Менің жеңіске жеткенімді барлығы өз көзімен көрді.

- Фукционалдық дайындық демекші. Кейбір раундтарда шаршағаныңыз байқалды.

- Ия, төртінші раундта демім жетпей жатты. Кейін артынан тыныс алуым орнына келді. Сол сәттерде жанкүйерлер Тайсон мені сұлатып түсреді-ау деген ой да болған шығар. Алайда, мен кездесуді өз бақылаумыда ұстадым.

- Кездесуге қандай ұстаныммен шықтыңыз?

- Тайсон өте қауіпті қарсылас. Оның мықты панчер екенін де барлығы біледі. Сол себепті мен оны сұллатуды мақсат тұтпадым. Өзімді барлық бес раундқа дайындадым.