«Лос-Анджелес Гэлакси» командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қойған «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович жақын арада америкалық клубтың жейдесін кие алмайды, деп жазады отандық басылымдар. Себебі, Лос-Анджелес қаласының командасына атақты Златан Ибрагимович ауысып келген болатын. Швециялық шабуылшы жаңа командасы үшін өткен алғашқы матчында-ақ екі гол соқты. Осындай жоғары деңгейлі футболшыға қол жеткізген америкалықтарға енді Деспотович керек болмай қалуы мүмкін. Соған қарағанда сербиялық шабуылшының басқа команда іздеуіне тура келетін секілд.