Қазақстандық талантты жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан алдағы маусымда «Ақтөбенің» намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елордалық «Астана» футбол клубына тиесілі ойыншыны туған командасы жалға алып отыр.21 жастағы футболшы «Ақтөбе» командасының тәрбиеленушісі. Премьер лигадағы алғашқы кездесуін 2014 жылы 20 қыркүйекте «Қайсар» командасына қарсы өткізген. 2017 жылға дейін туған командасында доп тепті.Дидар өткен жылы «Астанаға» ауысып келген болатын. Бірақ, ел чемпиондарының қатарында жарты жыл ғана өнер көрсетті. Жазғы трансфер кезінде қостанайлық «Тобыл» клбуына ауысып, маусымды сонда аяқтаған болатын.