Қазақстандық спортшылар веложарыстан Головконг кубогында спринтте сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» сайты.
Жарыста Павел Воржев жеңіске жетті. Екінші болып мәре сызығын Сергей Пономарев кессе, үздік үштікті Максим Налетов түйіндеді. Осылайша, үш қазақстандық Әлем кубогының кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.