Қазақстандық еркін күресшілер АҚШ-та өткен «Билл Фаррелл» халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетті. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нью-Йорктегі жарыстың нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылар сегіз медальді жеңіп алды.

Олардың ішінде 70 келі салмақта Саятбек Оқасов, (92 кг) Ілісхан Чилаев және (125 кг) Ермұхамбет Іңкәр жеңімпаз атанды. Ал 79 келі салмақта Сәкен Айтжанов және (125 кг) Олег Болтин күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ, (70 кг) Мейіржан Әшіров, (92 кг) Эльхан Асадов және 125 келі салмақта Мәмет Ибрагимов қола медальды қанжығалады.