Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек төртінші мәрте өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тони тізесін жарақаттап алды. Жекпе-жекке қатыспайды. Бірақ жақсы жаңалық бар. Сенбі күні Хабиб титулдық жекпе-жекте Макс Холлоуэймен жұдырықтасады», — деп мәлімдеді UFC ұйымының президенті Дана Уайт өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек 7-ші сәуір күні өту керек болған.