29 наурыздан бастап қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің ұйымдастырушылары жарнама кампаниясын тоқтатса да, UFC президенті Дана Уайт бокс кешінің өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz жазды.

«Головкин мен Альварес жекпе-жегі өтеді. Бәске тым көп ақша тігілді», - деді Уайт TMZ басылымына берген сұхбатында.