Алматыда өтіп жатқан FIGHT NIGHTS GLOBAL халықаралық турнирі аясында ММА шеберлерінің екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.65.8 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мұратбек Қасымбай (Қазақстан) - Ренат Ондар (Ресей) арасындағы жекпе-жек аяқталды. Бұл кездесуде Қасымбай екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.