Испания Ла лигасының 30-шы туры аясында «Лас-Пальмас» командасына қонаққа барған «Реал Мадрид» 0:3 есебімен жеңіске жеткен болатын, деп жазады prosports.kz сайты.Осы ойында алаңға негізгі құрамда шыққан испаниялық қорғаушы Начо Фернандес 29-шы минутта жарақат алып қалды. Әрі командаласы Ашраф Хакимимен алмастырылды.Қосалқы құрам орындығында отырған Начо алған жарақаты үшін қатты өкініш білдірді. Көңіл-күйі түсіп, бетін басып отырған сәтін ойын режиссерлері бірнеше мәрте көрсетті. Бір қызығы, 28 жастағы қорғаушы кәсіби мансабында алғаш рет жарақат алып, ойыннан алмастырылып отыр. Мансабында тек мадридтік команда сапында доп теуіп жүрген қорғаушы бұған дейін бірде-бір мәрте салмақты жарақат алмаған болатын. Әрі қорғаныс шебінің кез-келген нүктесінде ойнай беретін Начо «Реал Мадридтің» өте маңызды футболшысы саналады.