Бүгін Almaty Arena спорт сарайында «Fight Nights Global» халықаралық турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен американдық Тайсон Нэм арасында өтеді. Prosports.kz сайты турнирдің трансляциясына сілтемелер ұсынады.Естеріңізге сала кетейік, кештің басталатын сәті Астана уақытымен сағат 17:00-де. Ал ММА шеберлерінің қатысуымен өтетін басты жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Кешті тікелей эфирде мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Бұдан бөлек, Жекпе-жектерді «Хабар» телеарнасы да тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Көрсетілім Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.