Бүгін Алматыда айтулы ММА – FIGHT NIGHTS GLOBAL халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Отандасымыз Жалғас Жұмағұловтың бұл жолғы қарсыласы – америкалық Тайсон Нэм.

Сондай-ақ бұл кеште Ержан Естанов «Қара жолбарыс» лақап атымен белгілі ресейлік Расул Мирзаевпен қарымта кездесу өткізеді.

Жекпе-жектерді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Көрсетілім Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.