Америкалық маман мэйджорлердің 12 дүркін чемпионына көмектесе алған жоқ деуге болады.

Осылайша Андре Агасси Новак Джоковичтің бапкерлер штабындағы қызметінен кетті. Серіктестік уақыты бір жылға да жеткен жоқ.

«Мен Новакқа барынша көмек қолын созуға тырыстым. Бірақ біздің ойларымыз бір жерден шықпады. Оған болашақта тек жақсылық тілеймін», – дейді Агасси ESPN-ге берген сұхбатында.

Агасси Джоковичтің командасына «Ролан Гаррос-2017» турнирінің алдында қосылған. Келісімшарт жасасқалы Ноле жарақатына байланысты жарыстарға көп қатысқан жоқ.

Андре де, Новак та – «Үлкен дулыға» иегерлері. Қазір Новак Радек Штепанектің қарамағында жаттығу жасап жүр, деп жазады ESPN.